Шиелі аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 20/8 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 7 наурызда № 6189 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шиелі аудандық мәслихаттың төмендегі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1)"Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2015 жылғы 13 шілдеде 5047 нөмірімен тіркелген, 2015 жылы 18 шілдеде аудандық "Өскен өңір" газетінің 54 нөмірінде жарияланған, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 тамызда жарияланған) аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 маусымдағы № 41/3 шешімі.

      2) "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2017 жылғы 21 тамызда 5941 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 24 тамызда жарияланған) аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 25 шілдедегі № 11/4 шешімі.

      2. Осы шешiм қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы
П.Маханбет
      Аудандық мәслихат хатшысы Б.Сыздық

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады