Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 27.02.2018 № 20/8 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қызметін Шиелі ауданында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шиелі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 маусымдағы № 41/3 шешіміне қосымша |
Қызметін Шиелі ауданында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері
№ | Салық салу обьектісінің атауы | Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің мөлшері (Айлық есептік көрсеткіш) |
1 | 2 | 3 |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 3 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 4 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 15 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 4 |