Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 34/24 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 желтоқсанда № 6612 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2022 жылғы 6 мамырдағы № 22/27 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 06.05.2022 № 22/27 шешімімен (1.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандығы Кодексінің 509-бабының 5тармағына, 704-бабының 3-тармағына "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және осы шешімнің 2-тармағы 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болады.

      Шиелі аудандық мәслихат сессиясының
төрағасы:
М.Салқынбае
      Шиелі аудандық мәслихат хатшысы: в Б. Сыздық
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Қызылорда облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаментінің
Шиелі ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер
басқармасының басшысы
________Е.Абдрахманов
"28" желтоқсан 2018 ж

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады