Қазақстан Республикасының “Құқықтық актілер туралы” Заңының 27-бабына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шиелі аудандық мәслихаттың “Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы” 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 34/24 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6612 болып тіркелген) шешімінің күші жойылсын.
2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шиелі аудандық мәслихат хатшысы | Т. Жағыпбаров |