Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ақтоған ауылдық округінің әкімінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 02-1/7 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 8 қазанда № 6449 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ақтоған ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 4 ақпандағы № 02-1/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ақтоған ауылдық округі әкімінің 04.02.2019 № 02-1/4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 3тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлiгi ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Шиелі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2018 жылғы 07 қыркүйектегі № 09-06-515 санды ұсынысына сәйкес Ақтоған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шиелі ауданының Ақтоған ауылдық округі Досбол датқа ауылы "Мұхит" шаруа қожалығының уақ малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы Г.Жүзбаеваға жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоған ауылдық округі әкімінің
міндетін атқарушы
Е.Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады