Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ақтоған ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 4 ақпандағы № 02-1/4 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 ақпанда № 6672 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармағына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шиелі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық - санитарлық инспекторының міндетін атқарушының 2018 жылғы 19 желтоқсандағы №04-06-679 ұсынысы негізінде Ақтоған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шиелі ауданы Ақтоған ауылдық округінің Досбол датқа ауылындағы "Мұхит" шаруа қожалығының ұсақ малдардың арасында бруцеллез ауруына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақтоған ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 04 қазандағы № 02-1/7 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6449 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 12 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы Г.Жүзбаеваға жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоған ауылдық округінің әкімі Е. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады