Маңғыстау облысының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 45 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 сәуірде № 3565 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 195 қбпү қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 17.08.2021 № 195 қбпү (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 876 "Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесі бекітілсін (қызмет бабында пайдалану үшін).

      2."Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (А.К. Рзаханов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Н. Сқақовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Е. Тоғжанов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық

      қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы

      бойынша департаменті" мемлекеттік

      мекемесінің бастығы

      Е.С. Тайжанов

      "16" 03 2018 ж.

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер

      министрлігінің Маңғыстау облысының

      ішкі істер департаменті" мемлекеттік

      мекемесінің бастығы

      Қ.Д. Таймерденов

      "16" 03 2018 ж.

      "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      А.К. Рзаханов

      "16" 03 2018 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады