2018 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыты бойынша субсидия көлемін бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 53 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 мамырда № 3590 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" № 237 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 15452 болып тіркелген) сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2018 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыты бойынша субсидия көлемі бекітілсін.

      2. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С.С. Қалдығұл) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Қ. Жүсіповке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Е. Тоғжанов

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2018 жылғы "9" сәуіріндегі
№ 53 қаулысына қосымша

2018 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыты бойынша субсидия көлемі

Субсидияланатын тауарлы балық өнімдерінің түрлері

2018 жылға өсіру көлемі бойынша болжамдық көрсеткіш (килограмм)

2018 жылға арналған облыстық бюджетте көзделген сомасы (мың теңге)

Ескерту

1

2

3

4

5

1

Бекіре және оның буданы

32 000

14 400,00


2

Албырт және оның буданы

-

-


3

Тұқы және оның буданы

-

-



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады