Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 229 "Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № 286 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 3749 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңдарына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 229 "Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3440 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 19 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері:

      осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Маңғыстау облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына;

      осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, Маңғыстау облысының олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына;

      осы қаулының 2-1 қосымшасына сәйкес, олимпиадалық емес, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Маңғыстау облысының спортшыларына және жаттықтырушыларына.";

      1 және 2 қосымшалары осы қаулының 1 және 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес 2-1 қосымшасымен толықтырылсын.

      2. "Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Н.Д. Қарабалаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары М.Н. Сқақовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2018 жылғы "15" қарашадағы
  № 286 қаулысына 1 қосымша
  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2017 жылғы "6" қазандағы
  № 229 қаулысына
  1 қосымша

Cпорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Маңғыстау облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы төленетін ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері

Лауазым атауы

Адам саны

Ай сайынғы төленетін ақшалай жабдықталымның мөлшері (теңгемен)

"Маңғыстау бокс клубы" ЖШС

спортшы

11

240 000

жаттықтырушы

9

240 000

жиыны:

20


Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Маңғыстау облыстық мүгедектік спорт клубы" КММ

спортшы

7

200 000

жаттықтырушы

3

200 000

жиыны:

10


      Ескерту:

      "ЖШС" – "жауапкершілігі шектеулі серіктестігі"

      "КММ" – "коммуналдық мемлекеттік мекемесі"

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2018 жылғы "15" қарашадағы
  № 286 қаулысына 2 қосымша
  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2017 жылғы "6" қазандағы
  № 229 қаулысына
  2 қосымша

Маңғыстау облысының олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері

р/с №

Жарыстар атауы

Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері (теңгемен)

Ескертпе

Жүлделі орындар

1

2

3

1

Олимпиада ойындары, Паралимпиада ойындары

700 000

600 000

500 000

Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерін төлеу спорттың жазғы түрлерінде халықаралық жарыстарға 10 елден астам және спорттың қысқы түрлерінде 5 елден астам қатысқан кезде, республикалық жарыстарға 12 спортшы және 10 команда қатысқан кезде жүргізіледі.
Спорттық жарыстардың нәтижелері осы деңгейдегі келесі спорттық жарыстар өткізілгенге дейін қолданылады.
Республикалық және халықаралық жарыстарда тұрақты жоғары спорттық нәтижелері болмаған жағдайда, спортшыларға ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемі мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Спортшыларға төлем мөлшері спорттық жетістіктердің нәтижесі бойынша кестеде көрсетілген сомада белгіленеді, жаттықтырушылардың ең жоғары спортшының сомасынан 50%-ға дейін.
Егер жаттықтырушының 2 немесе одан да көп оқушы спортшысы болса, онда олардың жеңіп алған орындарына байланысты мөлшерін төлейді:
1 орынға - 30%,
2 орынға - 20%,
3 орынға - 15%
спортшының осы деңгейге жетудегі қатысуын есепке алынады.
Егер спортшы кәсіпқой спорт клубтарында жалақы алмаған жағдайда, төлем жүзеге асырылады.

 
2

Әлем чемпионаты, Мүгедектер арасындағы әлем чемпионаты

500 000

400 000

300 000

3

Бүкіләлемдік Универсиада, Әлем чемпионаты (жастар)

300 000

250 000

200 000

4

Азия ойындары, Азиялық паралимпиадалық ойындар, Сурдлимпиадалық ойындар

400 000

300 000

200 000

5

Азия чемпионаты (ересектер), Мүгедектер арасындағы Азия чемпионаты (ересектер)

350 000

250 000

200 000

6

Жасөспірімдер олимпиада ойындары

200 000

150 000

100 000

7

Қазақстан Республикасының чемпионаты (ересектер), Қазақстан Республикасының спартакиадасы, Қазақстан Республикасының паралимпиадасы

200 000

150 000

100 000

8

Азия чемпионаты (жастар)

100 000

70 000

50 000

9

Қазақстан Республикасының чемпионаты (жастар)

70 000

50 000

30 000 

10

Әлем чемпионаты (ересек жасөспірімдер)

100 000

70 000

50 000

11

Азия чемпионаты (жастар)

70 000

50 000

30 000

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2018 жылғы "15" қарашадағы
  № 286 қаулысына 3 қосымша

Олимпиадалық емес, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Маңғыстау облысының спортшыларына және жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері

р/с №

Жарыстар атауы

Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері (теңгемен)

Ескертпе

Жүлделі орындар

1

2

3

1

Әлем чемпионаты (ересектер)

200 000

150 000

100 000

Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерін төлеу спорттың жазғы түрлерінде халықаралық жарыстарға 10 елден астам және спорттың қысқы түрлерінде 5 елден астам қатысқан кезде, республикалық жарыстарға 12 спортшы және 10 команда қатысқан кезде жүргізіледі.
Спорттық жарыстардың нәтижелері осы деңгейдегі келесі спорттық жарыстар өткізілгенге дейін қолданылады.
Республикалық және халықаралық жарыстарда тұрақты жоғары спорттық нәтижелері болмаған жағдайда, спортшыларға ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемі мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Спортшыларға төлем мөлшері спорттық жетістіктердің нәтижесі бойынша кестеде көрсетілген сомада белгіленеді, жаттықтырушылардың ең жоғары спортшының сомасынан 50%-ға дейін.
Егер жаттықтырушының 2 немесе одан да көп оқушы спортшысы болса, онда олардың жеңіп алған орындарына байланысты мөлшерін төлейді:
1 орынға - 30%,
2 орынға - 20%,
3 орынға - 15%
спортшының осы деңгейге жетудегі қатысуын есепке алынады.
Егер спортшы кәсіпқой спорт клубтарында жалақы алмаған жағдайда, төлем жүзеге асырылады.

2

Бүкіләлемдік Универсиада (спорттың олимпиадалық емес түрлері), Әлем чемпионаты (жастар)

150 000

100 000

50 000

3

Азия ойындары (ересектер)

400 000

300 000

200 000

4

Азия чемпионаты (ересектер)

120 000

90 000

70 000

5

Азия чемпионаты (жастар)

70 000

50 000

30 000

6

Қазақстан Республикасының чемпионаты (ересектер)

100 000




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады