Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 04.10.2022 № 18/150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2018 жылғы 17 қаңтардағы №10-15-249 ұсынысының негізінде Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 11 наурыздағы № 38/379 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3030 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 3 мамырда жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 509 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы – Д.Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ы.Көшербай) жүктелсін.
4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А.Керелбаев |
Қалалық мәслихат хатшысы | М.Молдағұлов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Ақтау қалалық жер қатынастары
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
______________ Е.Кенған
"15" ақпан 2018 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік
кірістер комитеті Маңғыстау
облысы бойынша Мемлекеттік
кірістер департаментінің Ақтау
қаласы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
______________ Е.Мырзатаев
"16" ақпан 2018 жыл