Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 29.03.2021 № 2/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 27/285 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2779 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдедегі № 52-53 "Қарақия" газетінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
9 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) 22 наурыз – Наурыз мерекесі:
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және I дәрежедегі "Ана даңқы" орденімен марапатталғандарға – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш;
бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;".
2. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Е.Есенқосов |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | А.Мееров |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қарақия аудандық жұмыспен
қамту, әлеуметтік бағдарламалар
және азаматтық хал актілерін
тіркеу бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Сәрсенғали Маркс Тайырұлы
3 шілде 2018 жыл
"Қарақия аудандық экономика және
қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысының міндетін атқарушы
Сейлханова Назгүл Бақтыбайқызы
3 шілде 2018 жыл