Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 05.09.2022 № 14/151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы №5/51 "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек мөлшерлерін және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3175 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 қарашадағы №52-53 "Жаңа өмір" газетінде және 2016 жылы 16 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
реттік нөмірі тоғызыншы жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
9 | 29 тамыз- Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні | Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккендер қатарына жататын азаматтар | 5 айлық есептік көрсеткіш | жылына бір рет |
";
реттік нөмірі он бірінші жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
11 | 1 қазан – Халықаралық қарттар күні | жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар және 70 жастан асқан зейнеткерлер | 2 айлық есептік көрсеткіш | жылына бір рет |
".
2. "Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б.Құсымбаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | А.Сарбалаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Оразалиев Марат Амангелдиевич
23 ақпан 2018 жыл
"Маңғыстау аудандық экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысының
міндетін атқарушы
Ұзақбай Әсемгүл Жылқыбекқызы
23 ақпан 2018 жыл