Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17/111 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 ақпандағы № 17/142 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 ақпанда № 3534 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 50/369 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 10.12.2020 № 50/369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17/111 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2330 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 қаңтарда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

      Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:

      1 тармақ келесідей мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы", 1997 жылғы 16 маусымдағы "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", 1999 жылғы 5 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2008 жылғы 29 желтоқсандағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11745 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.;

      10 тармақта:

      4) тармақшаның екінші, үшінші абзацтары алынып тасталсын;

      11) тармақша келесідей мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "11) 29 тамыз - Дүниежүзілік ядролық қарудан бас тарту күні:

      Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға жеңілдіктер мен өтемақылар алу құқығын растайтын куәлігін ұсынған жағдайда - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";

      11 тармақта:

      1) тармақша келесідей мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік зейнетақы, жәрдемақы берілмеген кезде әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы: онкологиялық ауруларға, мамандандырылған және туберкулезге қарсы медициналық ұйымдардан шыққандарға, иммун тапшылығы вирусын жұқтырған адамдарға, табысын есепке алмай, жылына бір рет - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      6) тармақшада:

      үшінші абзацы келесідей мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "ауданның мемлекеттік мекемелерінің сұраныстарына сай денсаулық сақтау, білім беру, агроөнеркәсіптік кешені, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және туризм саласындағы білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында бакалаврдың академиялық деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде немесе медициналық жоғарғы оқу орындарында интернатурада ("Стоматология" мамандығынан басқа) оқитын студенттерге;";

      келесідей мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:

      "жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары өңірлердің кадрларға қажеттілігі ескеріле отырып, талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтары бойынша жоғарғы оқу орындарында оқу үшін мамандықтар кезектілігіне сай білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса ұлттық бірыңғай тестілеу немесе талапкерлерді кешенді тестілеу нәтижелері бойынша сертификаттар баллдарына сәйкес конкурстық негізде облыс әкімінің гранты негізінде қабылданған күндізгі бөлімде оқитын студенттерге беріледі.".

      Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді- Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 02.10.2020 № 48/356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. "Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы А.Беришбаева) жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М.Шырақбай
      Аудандық мәслихат хатшысы А.Досанова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту,

      әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық

      хал актілерін тіркеу бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Г.Беришбаева

      5 ақпан 2018 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Түпқараған аудандық экономика

      және қаржы бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысының міндетін

      атқарушы

      А.Исатаева

      5 ақпан 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады