Ақшұқыр ауылының атаусыз көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы әкімінің 2018 жылғы 13 тамыздағы № 223 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № 3705 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 20 наурыздағы қорытындысы негізінде және Ақшұқыр ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Ақшұқыр ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақшұқыр ауылының 3 кварталындағы атаусыз көшелеріне:

      1) 16, 17, 18, 25, 26, 27, 34, 35, 36, 43, 44, 45, 52, 53, 54, 61, 62, 68, 69, 75, 76, 82, 83, 89, 90, 91, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112 учаскелеріне "Аманов Есболай" атауы;

      2) 19, 20, 21, 22, 28, 29, 30, 31, 37, 38, 39, 40, 46, 47, 48, 49, 55, 56, 57, 58, 63, 64, 65, 70, 71, 72, 77, 78, 79, 84, 85, 86, 92, 93, 94, 95 учаскелеріне "Шакратов Ысқақ" атауы;

      3) 23, 24, 119, 32, 33, 120, 41, 42, 121, 50, 51, 122, 59, 60, 123, 66, 67, 124, 73, 74, 125, 80, 81, 126, 87, 88, 127, 96, 97, 128 учаскелеріне "Есбосынов Батырқожа" атауы берілсін.

      Ескерту. 1 – тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Маңғыстау облысы әкімдігінің 18.11.2019 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. "Ақшұқыр ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы (Б.Кабаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақшұқыр ауылының әкімі А. Нұғманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады