Мұнайлы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 қарашадағы №16/166 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек мөлшерін мұқтаж азаматтар санаттарының тізімін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 22/272 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 17 мамырда № 3603 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 3/21 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 16.04.2021 № 3/21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, 2001жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" және 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулыларына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 қарашадағы №16/166 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек мөлшерін, мұқтаж азаматтар санаттарының тізімін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2320 болып тіркелген, 2013 жылғы 27 желтоқсандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г. Конысбаева).

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Назар

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Мұнайлы аудандық жұмыспен

      қамту және әлеуметтік бағдарламалар

      бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысы

      _______________ Г.Ақниязова

      "27" сәуір 2018 жыл

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Мұнайлы аудандық экономика

      және қаржы бөлімі"

      мемлекеттік мекемесі басшысы

      ________________ Ш.Сұңғат

      "27" сәуір 2018 жыл

  Мұнайлы аудандық мәслихатының
2018 жылғы 27 сәуірдегі
№22/272 шешіміне қосымша

Атаулы күндер мен мерекелік күндерге бір жолғы әлеуметтік көмек мөлшері, алушылар санаттарының тізбесі

Атаулы күндер мен мерекелік күндер тізімі

Санаты

Әлеуметтік көмек мөлшері

Әлеуметтік көмек еселігі

"Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар

1

22 наурыз – Наурыз мерекесі

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар, Бұрынғы КСРО-ның "Батыр ана", "Аналық даңқ" (1,2,3 дәрежесі) ордендерімен, "Аналық медалі" (2 дәрежесі) медалімен марапатталған көп балалы аналар

2 (екі) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

Барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

2

1986 жыл 26 сәуір - Чернобыльдағы АЭС апат күні

Чернобыльдағы АЭС апатты жою салдарынан мүгедек болған тұлғалар

60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

1986–1987 жылдардағы Чернобыльдағы АЭС апатты жоюға қатысушылар

50 (елу) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

1988–1989 жылдардағы Чернобыльдағы АЭС апатты жоюға қатысушылар

20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

3

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

Барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

4

9 мамыр – Жеңіс күні

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері

100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар (Чернобыльдағы АЭС апатты жою салдарынан мүгедек болған тұлғалардан басқа)

60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалар (1986–1987 жылдардағы Чернобыльдағы АЭС апатты жоюға қатысушылардан басқа)

50 (елу) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

Ұлы Отан соғыс жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО-ның ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым-1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО-ның ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар

40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған жауынгерлердің қайта некеге отырмаған жесірлері, "Қазақстан Республикасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 4 бабының 3,4 тармақтарында көрсетілген тұлғалар

40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабар- ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары; бейбіт уақытта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары; Чернобыль АЭС-тағы апаттық және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасылары; сәуле аурулары салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС-тағы апаттық және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтардың отбасылары

40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің әйелі (ері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын әрекет жасаушылардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинградтың тұрғынына" белгісімен марапатталған азаматтардың, жалпы сырқаттанудың, еңбекте мертігудің және басқа да себептердің (құқыққа қарсыларын қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылғандардың екінші рет некеге отырмаған әйелі (ері)

40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, соғыста қаза тапқан майдангерлердің отбасы мүшелері мен туыстарының батыр қалаларға және әскери Даңқ қалаларына, ТМД-на мүше мемлекеттердің аумағында шайқас болған жерлерге, сонымен бірге қазақстандық жауынгерлер жерленген жерлерге баруын қамтамасыз ету мақсатында өтінішін білдірген азаматтарға

150 000 теңгеден артық емес

2016 жылдың 1 қаңтарына дейін

5

1 маусым - Балаларды қорғау күні

16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтың мүгедек балалары және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

6

29-тамыз Полигонның жабылуы

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтар

20 000 теңге

Жылына бір рет

7

30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні

Асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (балаларға) алушылар

8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар

60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

Барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

8

6 қазан - Қазақстан Республикасының мүгедектер күні

Барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

9

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні

Барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

"Қазақстан Республикасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын тұлғалар санаты

10

1 қазан - Халықаралық қарттар күні

Жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар және 70 жастан асқан зейнеткерлер

2 (екі) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

11

30 тамыз -
Қазақстан Республикасының Конституция күні

1991 жылға дейін Маңғыстау облысы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін дербес зейнетақы тағайындалған тұлғалар

36 (отыз алты) айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады