2018 жылға субсидиялауға жататын нақты сатып алған, пайдаланған тұқымдардың шығындарын ішінара өтеуге арналған квоталарын белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 203 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 мамырда № 7800 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығымен бекітілген Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларының 15-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10190 болып тіркелген) Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Облыс бойынша көзделіп отырған егіс алаңдарының құрылымына, сорт жаңарту мен сорт алмастырудың ғылыми негізделген нормаларына сүйене отырып квоталар:

      1) элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының нақты сатып алған бірегей тұқымдарына жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

      2) элиталық тұқым өсіру шаруашылығы бір уақытта бірегей тұқым өндіруші болып табылған жағдайда, элиталық тұқым шаруашылықтардың егіске нақты пайдаланған өзі өндірген суперэлиталық тұқымдарына кеткен шығындарын ішінара өтеуге осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес;

      3) тұқым өсіру шаруашылықтарының және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің нақты сатып алған элиталық тұқымдарына жұмсалған шығындарын ішінара өтеуге осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес;

      4) тұқым өсіру шаруашылығы бір уақытта элиталық тұқым өсіру шаруашылығы болып табылған жағдайда, тұқым шаруашылықтардың егіске нақты пайдаланған өзі өндірген элиталық тұқымдарына кеткен шығындарын ішінара өтеуге осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов

  Әкімдіктің
2018 жылғы 11 мамырдағы
№ 203 қаулысына
1-қосымша

Элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының нақты сатып алған бірегей тұқымдарына жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге арналған квоталар

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 20.07.2018 № 335 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Бірегей тұқымдарының барлығы, тонна

соның ішінде дақылдар бойынша, тонна

бидай

арпа

сұлы

асбұршақ

рапс

зығыр

1003,7

948,7

38

1

0,3

0,2

15,5

  Әкімдіктің
2018 жылғы 11 мамырдағы
№ 203 қаулысына
2-қосымша

Элиталық тұқым өсіру шарушылығы бір уақытта бірегей тұқым өндіруші болып табылған жағдайда, элиталық тұқым шаруашылықтардың егіске нақты пайдаланған өзі өндірген суперэлиталық тұқымдарына кеткен шығындарын ішінара өтеуге арналған квоталар

Суперэлиталық тұқымдарының барлығы, тонна

соның ішінде дақылдар бойынша, тонна

бидай

арпа

сұлы

зығыр

1278,6

917

228

110

23,6

  Әкімдіктің
2018 жылғы 11 мамырдағы
№ 203 қаулысына
3-қосымша

Тұқым өсіру шаруашылықтарының және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің нақты сатып алған элиталық тұқымдарына жұмсалған шығындарын ішінара өтеуге арналған квоталар

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 20.07.2018 № 335 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

Элиталық тұқымдарының көлемі, тонна

Сорт жаңарту мен сорт алмастыру, %

Егіс алаңдарының құрылымы, мың гектар

бидай

17415,8

3,8

3487

арпа

1389,2

3,4

337

сұлы

445

7,1

62,3

тары

6

5,5

5,4

қарақұмық

26

3,0

12,4

дәнді-бұршақты дақылдар

408

3,0

75,5

күнбағыс

33

4,9

112,7

зығыр

229

3,0

253,5

мақсары

19

3,0

31,2

қыша

7,5

3,0

12,4

біржылдық шөптер

98

3,0

130,4

көпжылдық шөптер

11,7

3,0

26,1

картоп

291

4,0

3,68

Барлығы:

20379,2

3,8

4549,58

      Ескертпе: сорт жаңарту мен сорт алмастырудың ғылыми негізделген нормалары 3 % кем емес.

  Әкімдіктің
2018 жылғы 11 мамырдағы
№ 203 қаулысына
4-қосымша

Тұқым өсіру шаруашылығы бір уақытта элиталық тұқым өсіру шаруашылығы болып табылған жағдайда, тұқым шаруашылықтардың егіске нақты пайдаланған өзі өндірген элиталық тұқымдарына кеткен шығындарын ішінара өтеуге арналған квоталар

Ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

Элиталық тұқымдарының көлемі, тонна

Сорт жаңарту мен сорт алмастыру, %

Егіс алаңдарының құрылымы, гектар

бидай

499

15,86

24204

сұлы

11

76,7

95

асбұршақ

40

100

200

Барлығы:

550

17,2

24499

      Ескертпе: сорт жаңарту мен сорт алмастырудың ғылыми негізделген нормалары 3% кем емес.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады