Қостанай облысы бойынша жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдауға арналған тарифтерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 257 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 маусымда № 7902 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 558 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 21.12.2018 № 558 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы бойынша жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдауға арналған тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қостанай облыстық

      мәслихатының хатшысы

      ____________ С. Ещанов

      2018 жылғы 31 мамыр

  Әкімдіктің
2018 жылғы 31 мамырдағы
№ 257 қаулысына
қосымша

Қостанай облысы бойынша жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдауға арналған тарифтері

р/б

Маршруттің атауы

1 жолаушыға арналған тарифі (теңге)

1

Қарасу-Қостанай (ауданаралық (облысішілік қалааралық))

1115

2

Восток-Қарасу-Қостанай (ауданаралық (облысішілік қалааралық))

1150


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады