Әкімдіктің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 412 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 қазанда № 8061 болып тіркелді

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3666 болып тіркелген, 2009 жылғы 30 қаңтарда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

      қаулының мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы";

      мемлекеттік тілде 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Қоса беріліп отырған жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесі бекітілсін.";

      мемлекеттік тілде көрсетілген қаулымен бекітілген, қосымша тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесі";

      көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесінде:

      мемлекеттік тілдегі мәтінінде:

      "

р/с №

Балық шаруашылығы су тоғанының атауы

Аумағы, гектар

Орналасу ауданы

      "

      деген жолы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "

р/с №

Балық шаруашылығы су айдынының атауы

Аумағы, гектар

Орналасу ауданы

      ";

      мемлекеттік тілде реттік нөмірі 467-жол жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "

467.

Златоуст ауылдық округінің аумағындағы тоғандар жүйесі

12


      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 962, 963, 964, 965, 966, 967, 968-жолдарымен толықтырылсын:

      "

962.

Октябрь шатқалы

50

Қостанай

963.

Безымянный тоғаны

0,3

Қостанай қаласы

964.

Рыспай батпағы

10

Алтынсарин

965.

Қарасор көлі

5000

Таран

966.

Аласор көлі

1700

967.

Тұзкөл көлі

131

Мендіқара

968.

Қарасор шатқалы

530

      ".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады