Әкімдіктің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 421 "Қамысты ауданының Свердлов ауылдық округінде орналасқан, Оңтүстік-Тоқтар тотыққан кен орнының тау-кендік бөлуіне арналған жер учаскесінде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 566 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 желтоқсанда № 8196 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 03.08.2022 № 344 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39-бабына, Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 4 және Қостанай облысы мәслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 244 "Қостанай облысы Қамысты ауданының Свердлов ауылдық округін Қамысты ауылдық округі деп қайта атау туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7628 болып тіркелген), қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қамысты ауданының Свердлов ауылдық округінде орналасқан, Оңтүстік-Тоқтар тотыққан кен орнының тау-кендік бөлуіне арналған жер учаскесінде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 421 қаулысына (2016 жылғы 24 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6652 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қамысты ауданының Қамысты ауылдық округінде орналасқан, Оңтүстік-Тоқтар тотыққан кен орнының тау-кендік бөлуіне арналған жер учаскесінде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы";

      1, 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уәкілетті органдармен келісілген, бекітілген жобалық құжаттама негізінде осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қамысты ауданының Қамысты ауылдық округінде орналасқан, Оңтүстік-Тоқтар тотыққан кен орнының тау-кендік бөлуіне арналған жер учаскесінде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі белгіленсін.

      2. Қамысты ауданының Қамысты ауылдық округінде орналасқан, Оңтүстік-Тоқтар тотыққан кен орнының тау-кендік бөлуіне арналған жер учаскесінде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.";

      осы қаулының қосымшасына сәйкес аталған қаулының 1-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын;

      аталған қаулының 2-қосымшасында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қамысты ауданының Қамысты ауылдық округінде орналасқан, Оңтүстік-Тоқтар тотыққан кен орнының тау-кендік бөлуіне арналған жер учаскесінде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Әкімдіктің
2018 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 566 қаулысына
қосымша


  Әкімдіктің
2016 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 421 қаулысына
1-қосымша

Қамысты ауданының Қамысты ауылдық округінде орналасқан, Оңтүстік-Тоқтар тотыққан кен орнының тау-кендік бөлуіне арналған жер учаскесіндегі Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі

Су объектісі, оның учаскесі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Орташа көп жылдық судың сабалық кемері (метр)

ұзындығы (метр)

ені (метр)

ауданы (гектар)

ұзындығы (метр)

ені (метр)

ауданы (гектар)

Тобыл өзені
Қамысты ауданының Қамысты ауылдық округінде орналасқан, Оңтүстік-Тоқтар тотыққан кен орнының тау-кендік бөлуіне арналған жер учаскесінде

2810

350-1000

169,5

2810

100

56,38

241,0

      Ескерту: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары "Қостанай облысы Қамысты ауданының Қамысты ауылдық округінде орналасқан, Оңтүстік-Тоқтар тотыққан кен орнының тау-кендік бөлуіне арналған жер учаскесінде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін белгілеу жобасы" жобасының картографиялық материалында көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады