Әкімдіктің 2011 жылғы 31 қазандағы № 452 "Таран ауданы Достияр ауылындағы 3000 бас ірі қара малға малшаруашылығы кешенінің құрылысына арналған жер телімінде Қарасу өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруақорлықпен пайдаланудың ерекше шарттарын және тәртібін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 543 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 желтоқсанда № 8215 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 03.08.2022 № 344 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39-бабына, "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 3 және Қостанай облысы мәслихатының 2017 жылғы 24 мамырдағы № 161 бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7123 болып тіркелген), сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Таран ауданы Достияр ауылындағы 3000 бас ірі қара малға мал шаруашылығы кешенінің құрылысына арналған жер телімінде Қарасу өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруақорлықпен пайдаланудың ерекше шарттарын және тәртібін белгілеу туралы" 2011 жылғы 31 қазандағы № 452 қаулысына (2011 жылғы 8 желтоқсанда "Костанайские новости" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3787 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Таран ауданы Мақсұт ауылындағы 3000 бас ірі қара малға мал шаруашылығы кешенінің құрылысына арналған жер телімінде Қарасу өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы";

      1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уәкілетті органдарымен келісілген, бекітілген жобалық құжаттамалардың негізінде осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Таран ауданы Мақсұт ауылындағы 3000 бас ірі қара малға мал шаруашылығы кешенінің құрылысына арналған жер телімінде Қарасу өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі белгіленсін.

      2. Таран ауданы Мақсұт ауылындағы 3000 бас ірі қара малға мал шаруашылығы кешенінің құрылысына арналған жер телімінде Қарасу өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.";

      осы қаулының қосымшасына сәйкес аталған қаулының 1-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын;

      аталған қаулының 2-қосымшасында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Таран ауданы Мақсұт ауылындағы 3000 бас ірі қара малға мал шаруашылығы кешенінің құрылысына арналған жер телімінде Қарасу өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Әкімдіктің
2018 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 543 қаулысына
қосымша


  Әкімдіктің
2011 жылғы 31 қазандағы
№ 452 қаулысына
1-қосымша

Таран ауданы Мақсұт ауылындағы 3000 бас ірі қара малға мал шаруашылығы кешенінің құрылысына арналған жер телімінде Қарасу өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі

Су объектісі, оның учаскесі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Орташа көп жылдық судың сабалық кемері (метр)

шекараның ұзындығы, ұзындығы (метр)

алаңы (гектар)

ені (метр)

шекараның ұзындығы, ұзындығы (метр)

алаңы (гектар)

ені (метр)

Тобыл өзені
Таран ауданы Мақсұт ауылындағы 3000 бас ірі қара малға малшаруашылығы кешенінің құрылысына арналған жер телімі

302-358

16,5

500

202

2,02

100

193,56


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады