Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінiң коммуналдық, инженерлік, электр және басқа желілер мен жүйелерді төсеу және пайдалану мақсатында, төмендегі объектілер бойынша жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:
"Қостанай қаласының "Береке" шағын ауданын тігінен жоспарлау";
"Қостанай қаласының "Береке" шағын ауданында нөсерлі кәрізді орната отырып, кірме жол құрылысы";
"Береке" шағын ауданына инженерлік коммуникациялар салу. Қостанай қаласында ішкі алаң желісі (Сумен жабдықтау. Кәріз)";
"Береке" шағын ауданына инженерлік коммуникациялар салу. Қостанай қаласында ішкі алаң желісі (Жылумен жабдықтау)";
"Береке" шағын ауданына инженерлік коммуникациялар салу. Қостанай қаласында ішкі алаң желісі (Электрмен жабдықтау)";
"Береке" шағын ауданына инженерлік коммуникациялар салу. Қостанай қаласында ішкі алаң желісі (Телефондандыру)".
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашкы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Б. Жақыпов |