Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне көлік инфрақұрылымы объектілерін пайдалану мақсатында жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:
Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы – Омар Дощанов көшесі шекарасындағы Б. Майлин көшесі;
Воинов Интернационалистов көшесі – Абай даңғылы шекарасындағы Карбышев көшесі;
Павлов көшесі – С. Баймағамбетов көшесі шекарасындағы Ы. Алтынсарин көшесі;
Дзержинский көшесі – А. Бородин көшесі шекарасындағы Пушкин көшесі;
Әл-Фараби даңғылы Б. Майлин көшесі – Перронная көшесі шекарасында;
Гоголь көшесі – Рабочая көшесі шекарасындағы И. Сьянов көшесі;
Абай даңғылы – В. Чкалов көшесі шекарасындағы Генерал Арыстанбеков көшесі;
Кәмшат Дөненбаева көшесі – Промышленная көшесі шекарасындағы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 28.08.2020 № 1275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашкы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай қаласының әкімі | Б. Жақыпов |