Әкімдіктің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 655 "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 1275 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 тамызда № 9418 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 10 және Қостанай облысы мәслихатының 2018 жылғы 11 шілдедегі № 288 "Қостанай қаласы құрамдас бөліктерін қайта атау туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7987 болып тіркелген), Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 2 және Қостанай облысы мәслихатының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 426 "Қостанай қаласының құрамдас бөліктерін атау және қайта атау туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8656 болып тіркелген) Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы" 2018 жылғы 15 наурыздағы № 655 қаулысына (2018 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7697 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне көлік инфрақұрылымы объектілерін пайдалану мақсатында жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:

      Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы – Омар Дощанов көшесі шекарасындағы Б. Майлин көшесі;

      Воинов Интернационалистов көшесі – Абай даңғылы шекарасындағы Карбышев көшесі;

      Павлов көшесі – С. Баймағамбетов көшесі шекарасындағы Ы. Алтынсарин көшесі;

      Дзержинский көшесі – А. Бородин көшесі шекарасындағы Пушкин көшесі;

      Әл-Фараби даңғылы Б. Майлин көшесі – Перронная көшесі шекарасында;

      Гоголь көшесі – Рабочая көшесі шекарасындағы И. Сьянов көшесі;

      Абай даңғылы – В. Чкалов көшесі шекарасындағы Генерал Арыстанбеков көшесі;

      Кәмшат Дөненбаева көшесі – Промышленная көшесі шекарасындағы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы.".

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім К. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады