"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2019 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Б. Жақыпов |
Әкімдіктің 2018 жылғы 11 қазандағы № 2754 қаулысына қосымша |
2019 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | квота | |
жұмыскерлердің тізімдік санынан % | жұмыс орындарының саны (адам) | |||
1. | "Kst trade" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 389 | 0.3 | 1 |
2. | "КАЛКАН" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 68 | 1.5 | 1 |
3. | "Костанайнефтепродукт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 246 | 0.4 | 1 |
4. | "Костанайсельхозводопроводстрой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 50 | 2.0 | 1 |
5. | "Олжа Агротехмаш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 278 | 0.4 | 1 |
6. | "РиФ - 1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 83 | 1.2 | 1 |
7. | "Романа-Групп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 110 | 1.8 | 2 |
Барлығы | 1 224 | 0.7 | 8 |