Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 588 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 30 мамырда № 7802 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына және "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 140-бабының 2-тармағына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі Б. Ғаязов

  Әкімдіктің
2018 жылғы 4 мамырдағы
№ 588 қаулысына қосымша

Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

      Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін қалалық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:

таза кіріс 3000000 теңгеге дейін

таза кіріс сомасынан 5 пайыз

таза кіріс 3000001 теңгеден 50000000 теңгеге дейін

150000 теңге + 3000000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады