Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 04.02.2022 № 100 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 509-бабының 5-тармағына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Т. Ержанов |
Мәслихат хатшысы | Г. Елтебаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Арқалық қаласы әкімдігінің жер
қатынастары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_______________ Н. Ахметжанов
2018 жылғы "18" мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігінің мемлекеттік кірістер
комитеті Қостанай облысы бойынша
мемлекеттік кірістер Департаментінің
Арқалық қаласы бойынша мемлекеттік
Кірістер басқармасы республикалық
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
_______________________ А. Утебаев
2018 жылғы "18" мамыр