"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2018 жылғы 10 қазандағы № 01-20/871 ұсынысы негізінде, Ашутасты ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Арқалық қаласы Ашутасты ауылында орналасқан "Арқалық ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы фермасы аумағында ірі қара малдың туберкулез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ашутасты ауылы әкімінің 2018 жылғы 9 ақпандағы № 1 "Арқалық қаласы Ашутасты ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 7532 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Арқалық қаласы Ашутасты ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ашутасты ауылының әкімі | Қ.Б. Қайнеш |
КЕЛІСІЛДІ
"Арқалық қаласы әкімдігінің
ветеринария бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________ Қ.Б. Бейсенов
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Арқалық
қалалық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ Е.К. Канапин
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігінің Қоғамдық
денсаулық сақтау комитеті Қостанай
облысы қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Арқалық қалалық
қоғамдық денсаулық сақтау
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_______________ Б.А. Қорғанбекова