Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 23.11.2023 № 56 шешімімен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" (бұдан әрі – Кодекс) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 510-бабына сәйкес және Лисаков қаласының жерлерін аймақтарға бөлу схемасы негізінде Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 23.11.2023 № 56 шешімімен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Лисаков қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзетуді жүзеге асырсын.
Осы тармақтың ережесі Кодекстің 509-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 23.11.2023 № 56 шешімімен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның төрағасы | Д. Мироненко |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | С. Шалдыбаева |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер
комитеті Қостанай облысы
бойынша Мемлекеттік
кірістер департаментінің
Лисаковск қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________ Ф. Сариев
КЕЛІСІЛДІ
"Лисаков қаласы
әкімдігінің жер
қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
___________ Е. Казиев
Мәслихаттың 2018 жылғы 25 мамырдағы № 253 шешіміне қосымша |
Лисаков қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 23.11.2023 № 56 шешімімен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).
№ р/с | Аймақтың нөмірі | Жер салығының базалық мөлшерлемелерін төмендету (-) немесе жоғарылату (+) |
1 | 1 | +50 |
2 | 2 | +40 |
3 | 3 | +30 |
4 | 4 | 0 |