Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" 2018 жылғы 25 мамырдағы № 253 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7807 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Лисаков қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы";
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" (бұдан әрі – Кодекс) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 510-бабына сәйкес және Лисаков қаласының жерлерін аймақтарға бөлу схемасы негізінде Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Лисаков қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзетуді жүзеге асырсын.
Осы тармақтың ережесі Кодекстің 509-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.";
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат хатшысының төрайымы | К. Мухамадиева |
Мәслихаттың | |
2023 жылғы 23 қарашадағы | |
№ 56 шешіміне | |
қосымша |
Лисаков қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету
№ р/с | Аймақтың нөмірі | Жер салығының базалық мөлшерлемелерін төмендету (-) немесе жоғарылату (+) |
1 | 1 | +50 |
2 | 2 | +40 |
3 | 3 | +30 |
4 | 4 | 0 |