"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Большая Чураковка ауылын тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, 2017 жылғы 4 желтоқсандағы Қостанай облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясы отырысының қорытындысы негізінде Большая Чураковка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Большая Чураковка ауылдық округінің Большая Чураковка ауылының келесі көше атаулары қайта аталсын:
1) Октябрьская көшесін Атамекен көшесіне;
2) Пионерская көшесін Мұрагер көшесіне;
3) Совхозная көшесін Бәйтерек көшесіне;
2. "Алтынсарин ауданының Большая Чураковка ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімінің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалык құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Ө. Жөкешбаев |