Амангелді ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2018 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2018 жылғы 14 ақпандағы № 190 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 7 наурызда № 7587 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес Амангелдi аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Амангелді ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2018 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдау шаралары көрсетілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессия төрағасы Н. Әбдіғали
      Аудандық мәслихат хатшысы Қ. Кеделбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Амангелді ауданы әкімдігінің экономика

      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"

      коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      __________________________ М. Сакетов

      2018 жылғы "14" ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады