Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Көктал ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Көктал ауылы әкімінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 шілдеде № 7921 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Көктал ауылы әкімінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Көктал ауылы әкімінің 08.04.2019 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы сәйкес және Әулиекөл ауданының "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысының 2018 жылғы 5 маусымдағы № 256 ұсынысы негізінде Көктал ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Көктал ауылы аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.

      3. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау Комитеті Қостанай облысының қоғамдық денсаулық сақтау "Әулиекөл ауданының қоғамдық денсаулық" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім С. Қаратаев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Әулиекөл ауданы әкімдігінің

      ветеринария бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _____________ Д. А. Ахметжанова

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетiнiң Әулиекөл

      аудандық аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ______________ А.Т. Тайшибаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы Денсаулық

      сақтау Министрлігінің қоғамдық

      денсаулық сақтау Комитеті

      Қостанай облысының қоғамдық

      денсаулық сақтау "Әулиекөл

      ауданының қоғамдық денсаулық

      сақтау басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ______________ Е. Дүйсенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады