Денисов ауданы аумағында 2018 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі оңтайлы мерзiмдерiн белгiлеу туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 113 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 шілдеде № 7972 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Денисов ауданы аумағында 2018 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі оңтайлы мерзiмдерi белгiленсін.

      2. "Денисов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариалау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 5 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Денисов ауданының әкімі Б. Нұрғалиев

  Әкімдіктің 2018 жылғы
29 маусымдағы
№ 113 қаулысына
қосымша

Денисов ауданы аумағында 2018 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі оңтайлы мерзiмдерi

Өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері

Егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы

II табиғи-климаттық аймақ (дала аймағы)

1

Жаздық жұмсақ бидай

15 мамырдан бастап 2 маусымға дейін

2

Жаздық қатты бидай

18 мамырдан бастап 28 мамырға дейін

3

Күздік бидай

25 тамыздан бастап 15 қыркүйекке дейін

4

Сұлы

15 мамырдан бастап 5 маусымға дейін

5

Жаздық арпа

15 мамырдан бастап 5 маусымға дейін

6

Тары

20 мамырдан бастап 5 маусымға деін

7

Бұршақ

20 мамырдан бастап 31 мамырға дейін

8

Аңқа

15 мамырдан бастап 25 мамырға дейін

9

Күнбағыс

5 мамырдан бастап 18 мамырға дейін

10

Рапс

20 мамырдан бастап 28 мамырға дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады