Денисов аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 162 "Денисов ауданы бойынша 2018–2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2018 жылғы 15 қарашадағы № 235 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 қарашада № 8128 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Денисов аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 162 "Денисов ауданы бойынша 2018–2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7514 болып тіркелген, 2018 жылғы 23 ақпандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының төрағасы В. Захарчук
      Денисов аудандық мәслихатының хатшысы А. Мұрзабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ___________________________ С. Жанғабулов

      2018 жыл "15" қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады