Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 93 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 сәуірде № 6300 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 88 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 09.04.2018 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратады.

      Аудан әкімі А. Ибраев

      Жітіқара аудандық

      мәслихатының хатшысы

      ____________ А. Кабиев

  Әкімдіктің
2016 жылғы 4 сәуірдегі
№ 93 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      2) психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

      2. Білім беру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) директор;

      2) директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары;

      3) директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;

      4) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;

      5) педагог-психолог, психолог;

      6) барлық мамандықтар мұғалімдері;

      7) музыкалық жетекші;

      8) аудармашы;

      9) аға тәлімгер;

      10) әлеуметтік педагог;

      11) логопед-мұғалім, логопед;

      12) кітапхана меңгерушісі;

      13) кітапханашы;

      14) қосымша білім беру педагогы;

      15) тәрбиеші;

      16) мейірбике;

      17) жабдықтау жөніндегі инженер;

      18) бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі маман.

      3. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) мәдени ұйымдастырушы;

      2) кітапханашы.

      4. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) жаттықтырушы-оқытушы.

      5. Ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) ветеринариялық дәрігер;

      2) ветеринариялық фельдшер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады