"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес және "Қостанай облысы Қамысты ауданының Свердлов ауылдық округін Қамысты ауылдық округі деп қайта атау туралы" бірлескен Қостанай облыстық мәслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 244 шешімінің және Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 4 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7628 болып тіркелген, 2018 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған) негізінде Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 141 "Қамысты ауданы Свердлов ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7449 болып тіркелген, 2018 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "Свердлов" сөзі тиісінше "Қамысты" сөзіне ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларындағы тақырыптарында "Свердлов" сөзі тиісінше "Қамысты" сөзіне ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Алиев |
Қамысты аудандық мәслихатының хатшысы | С. Кстаубаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қамысты ауданы
Қамысты ауылдық
округінің әкімі
___________ Д. Россман
2018 жылғы 27 сәуір