"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 4) тармақшасына, облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 16 қарашадағы қорытындысы негізінде және халқының пікірін ескере отырып, Қарабалық кенті әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарабалық ауданы Қарабалық кентінде қайта атауға:
Чапаев көшесін Иван Щеголихин көшесіне;
Октябрьская көшесін Қапан Бадыров көшесіне;
К.Маркс көшесін Серке Қожамқұлов көшесіне;
2. "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қарабалық ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін;
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қарабалық кенті әкімінің міндетін атқарушы |
Б. Касымов |