Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бозкөл ауылдық округі әкімінің 12.06.2018 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1–бабы 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау комитетінің Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2016 жылғы 29 қантардағы № 01-20/61 ұсынысы негізінде, Бозкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарабалық ауданы Бозкөл ауылдық округі Бозкөл ауылында Октябрьская көшесі 39 үй орналасқан, Егорова Наталья Викторовнаның жеке ауласының аумағында ірі қара малдың кұтыру ауруының эпизоотия ошақтарына байланысты шектеу іс - шаралары белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау комитетінің Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Қарабалық аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық - санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық - санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
3. "Бозкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңңамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдіктің шешімін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешім ресми жариаланғанынан кейін Қарабалық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бықылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бозкөл ауылдық округінің әкімі | С. Төлебаев |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау комитетінің
Қарабалық аудандық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттік
мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
____________ Е. Пшеничникова
КЕЛІСІЛДІ
"Қарабалық ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________ Б. Ермұхаметов
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау Министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау
комитетінің Қостанай облысы
қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Қарабалық
аудандық қоғамдық денсаулық
сақтау басқармасы" республиқалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_____________ Е. Даулетбаев