Шектеу іс-шараларын алып тастау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бозкөл ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 12 маусымдағы № 4 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 маусымда № 7839 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау комитетінің Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2018 жылғы 16 мамырдағы № 01-20/305 ұсынысы негізінде, Бозкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарабалық ауданы Бозкөл ауылдық округінің Бозкөл ауылында Октябрьская көшесі 39 үй орналасқан, Егорова Наталья Викторовнаның жеке ауласының аумағында шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

      2. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Бозкөл ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 7586 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Бозкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңңамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімнің шешімін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешім ресми жариаланғанынан кейін Қарабалық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бозкөл ауылдық округінің әкімі С. Төлебаев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      Ветеринариялық бақылау

      комитетінің Қарабалық

      аудандық аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      _____________ Е. Пшеничникова

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау Министрлігі

      Қоғамдық денсаулық сақтау

      комитетінің Қостанай облысы

      қоғамдық денсаулық сақтау

      департаментінің Қарабалық

      аудандық қоғамдық денсаулық

      сақтау басқармасы" республиқалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _____________ Е. Даулетбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қарабалық ауданы әкімдігінің

      ветеринария бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ____________ Б. Ермұхаметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады