"Қазақстан Республикасыңдағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және "Казақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарасу аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысының 2018 жылғы 10 мамырдағы № 01-20/192 ұсынысы негізінде, Айдарлы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Қарасу ауданы Айдарлы ауылдық округінің Герцено ауылы аумағында орналасқан Петкун Александр Милентьевичтің ауласынан құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Айдарлы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімнің (Нормативтік құқықтіқ актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7607 болып тіркелген, 2018 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Айдарлы ауылдық округінің әкімі | М. Нұғманов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Қарасу
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________Таукеев Е. А.
2018 жылы 19 маусым
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
қоғамдық денсаулық сақтау
комитетінің Қостанай облысы
қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Қарасу
аудандық қоғамдық денсаулық
сақтау басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________ Кайзер В. В.
2018 жылы 19 маусым
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қарасу ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_____________ Бейсенов А. Б.
2018 жылы 19 маусым