Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы Айдарлы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 2 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 наурызда № 7607 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы Айдарлы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы Айдарлы ауылдық округі әкімінің 19.06.2018 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасыңдағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және "Казақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарасу аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысының 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 01-20/54 ұсынысы негізінде, Айдарлы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Қарасу ауданы Айдарлы ауылдық округінің Герцено ауылы аумағында орналасқан құтыру ауруының пайда болуына байланысты Петкун Александр Милентьевичтің ауласына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарасу аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық комитетінің Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Қарасу аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық- санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

      3. "Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімнің шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Айдарлы ауылдық
округінің әкімі
М. Нұғманов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетінің Қарасу

      аудандық аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _______________ Таукеев Е.А.

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      қоғамдық денсаулық сақтау

      комитетінің Қостанай облысы

      қоғамдық денсаулық сақтау

      департаментінің Қарасу аудандық

      қоғамдық денсаулық сақтау

      басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _______________ Кайзер В.В.

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қарасу ауданы әкімдігінің

      ветеринария бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      ______________ Бейсенов А.Б.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады