Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2018 жылғы 2 мамырдағы № 255 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 мамырда № 7760 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2021 жылғы 22 қыркүйектегі № 93 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 22.09.2021 № 93 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі - кемтар балалар) жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) ай сайын, сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынсын.

      2. Мыналар анықталсын:

      1) кемтар балаларды оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізеді;

      2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушылар) көрсетіледі;

      3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:

      өтінішті;

      алушының жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысын;

      мүгедектігі туралы анықтаманы;

      банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжатты;

      оқу орнының мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасын ұсынады.

      Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады;

      4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тиісті оқу жылы ішінде жүргізіледі және әр кемтар балаға ай сайын көрсетіледі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 20.05.2020 № 528 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      2016 жылғы 6 маусымдағы № 29 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6489 тіркелген, 2016 жылғы 7 шілдеде "Арна" газетінде жарияланған);

      2016 жылғы 3 қарашадағы № 63 "Мәслихаттың 2016 жылғы 6 маусымдағы № 29 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6704 тіркелген, 2016 жылғы 24 қарашада "Арна" газетінде жарияланған).

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті сессияның төрағасы, Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы Б. Копжасаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қостанай ауданы әкімдігінің

      "Жұмыспен қамту және әлеуметтік

      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ___________________ С. Касымова

      "2" мамыр 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады