Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 02.05.2018 № 255 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі - кемтар балалар) жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) ай сайын, сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынсын.
2. Мыналар анықталсын:
1) кемтар балаларды оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады;
2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетіледі;
3) кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін көрсетілетін қызметті алушы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментіне (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб порталына (бұдан әрі - портал) өтініш береді.
4) кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттар тізбесі "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес көрсетіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 тіркелген);
5) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мынадай мән-жайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады:
кемтар балалардың қайтыс болуы;
кемтар балалардың толық мемлекет қарауына берілуі;
алушының жәрдемақының (жәрдемақылардың) заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған дәйексіз мәліметтер табыс етуі;
Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету.
Артық төленген сомалар - ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтарылуға жатады;
6) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тиісті оқу жылы ішінде жүргізіледі және әр кемтар балаға ай сайын көрсетіледі.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 03.11.2016 № 63 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.09.2016 бастап туындаған қатынастарға таратылады).3. Мәслихаттың 2014 жылғы 8 тамыздағы № 230 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5059 тіркелген, 2014 жылғы 5 қыркүйекте "Арна" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясының төрағасы |
В. Черненко |
Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы |
А. Досжанов |
Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ В. Панин
6 маусым 2016 жыл
Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
__________________ З. Кенжегарина
6 маусым 2016 жыл