Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 02.05.2018 № 255 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2016 жылғы 6 маусымдағы № 29 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6489 тіркелген, 2016 жылғы 7 шілдеде "Арна" газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
2-тармақ 6) тармақшамен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"6) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тиісті оқу жылы ішінде жүргізіледі және әр кемтар балаға ай сайын көрсетіледі.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясының төрағасы |
С. Кульбеков |
Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. Копжасаров |
КЕЛІСІЛДІ
Қостанай ауданы әкімдігінің"Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесі басшысының міндетін
атқарушы
___________________ Э. Кусаинова
Қостанай ауданы әкімдігінің
"Экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ З. Кенжегарина