Мәслихаттың 2014 жылғы 11 наурыздағы № 184 "Қостанай облысы Қостанай ауданы Надеждин ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2018 жылғы 26 маусымдағы № 285 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 шілдеде № 7941 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2022 жылғы 24 наурыздағы № 145 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 24.03.2022 № 145 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2014 жылғы 11 наурыздағы № 184 "Қостанай облысы Қостанай ауданы Надеждин ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4615 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 сәуірде "Арна" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық мәслихатының
кезектен тыс сессиясының төрағасы
Б. Бурашев
      Қостанай
аудандық мәслихатының хатшысы
Б. Копжасаров

      КЕЛІСІЛДІ

      Қостанай облысы Қостанай ауданы

      Надеждин ауылдық округі әкімінің

      міндетін атқарушы

      ________________ Б. Жұмашев

  Мәслихаттың
2018 жылғы 26 маусымдағы
№ 285 шешімімен бекітілген
  Мәслихаттың
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 184 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Қостанай ауданы Надеждин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Қостанай ауданы Надеждин ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Қостанай облысы Қостанай ауданы Надеждин ауылдық округінің Надеждинка ауылының тұрғындарына

40

2

Қостанай облысы Қостанай ауданы Надеждин ауылдық округінің Май-Алап ауылының тұрғындарына

8

3

Қостанай облысы Қостанай ауданы Надеждин ауылдық округінің Воскресеновка ауылының тұрғындарына

13


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады