Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін он есеге арттыру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2018 жылғы 15 ақпандағы № 176 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 наурызда № 7594 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2022 жылғы 7 ақпандағы № 87 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 07.02.2022 № 87 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексі 509-бабының 5-тармағына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін он есеге арттырылсын.

      2. Меңдіқара аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 16 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесін он есеге жоғарылату туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6369 тіркелген, 2016 жылғы 26 мамырда "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Ысмақов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Қ. Арықов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Меңдіқара ауданының

      жер қатынастары бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ___________________ Ә. Қошанов

      2018 жылғы "15" ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      министрлігінің Мемлекеттік кірістер

      комитеті Қостанай облысы бойынша

      Мемлекеттік кірістер департаментінің

      Меңдіқара ауданы бойынша Мемлекеттік

      кірістер басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ________________________ А. Амантаев

      2018 жылғы "15" ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады