2018 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша Науырзым ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгiлеу туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 47 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 17 мамырда № 7768 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2018 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiндегі Науырзым ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi осы қаулының қосымшасына сәйкес белгiленсін.

      2. "Науырзым ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Науырзым ауданының әкімі Т. Даиров

  Әкімдіктің
2018 жылғы 2 мамырдағы
№ 47 қаулысына
қосымша

2018 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiндегі Науырзым ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi

Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi

Егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi

ІІІ құрғақ дала аймағы

Жұмсақ жаздық бидай

15 мамырдан 2 маусымға дейін

Қатты жаздық бидай

18 мамырдан 28 мамырға дейін

Жаздық арпа

15 мамырдан 5 маусымға дейін

Сұлы

15 мамырдан 5 маусымға дейін

Қарақұмық

20 мамырдан 5 маусымға дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады