Жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 27 маусымдағы № 184 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 шілдеде № 7919 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 106 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 31.01.2022 № 106 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 509-бабы 5-тармағына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессияның төрағасы Т. Жауғаштин
      Аудандық мәслихат хатшысы К. Базарбаева

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы

      Қаржы Министрлігінің

      Мемлекеттік кірістер комитеті

      Қостанай облысы бойынша

      Мемлекеттік кірістер

      департаментінің Сарыкөл

      ауданы бойынша

      мемлекеттік кірістер

      басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ______________ М. Бекпасов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Сарыкөл ауданы әкімдігінің

      жер қатынастары бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      _______________ Қ. Жүнісов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады