Сарыкөл ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 182 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 шілдеде № 7961 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 99 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 15.05.2020 № 99 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес, Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сарыкөл ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары бекітілсін.

      2. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      1) аумақтық әділет органдарында осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оны орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарыкөл ауданының әкімі Э.Қ. Күзенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрілігі

      Қоғамдық денсаулық сақтау

      комитетінің Қостанай облысы

      Қоғамдық денсаулық сақтау

      департаментінің Сарыкөл

      аудандық қоғамдық денсаулық

      сақтау басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _________________ С. Ыбраева

      2018 жылғы 29 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      Қостанай облысының

      Ішкі істер департаменті

      Сарыкөл ауданының

      Ішкі істер бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің

      бастығы

      _______________ Қ. Абдыкалыков

      2018 жылғы 29 маусым

  Әкімдіктің
2018 жылғы 29 маусым
№ 182 қаулысына қосымша

Сарыкөл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

      1. Сарыкөл кенті, Павших Борцов көшесі, № 87 үйдің жанында.

      2. Сарыкөл кенті, Павших Борцов көшесі, № 89 үйдің жанында.

      3. Сарыкөл кенті, Павших Борцов көшесі, № 91 үйдің жанында.

      4. Сарыкөл кенті, Павших Борцов көшесі, № 93 үйдің жанында.

      5. Маяк ауылы, 1 Мая көшесі, № 3 үйдің жанында.

      6. Чехов ауылдық округі, Урожайное ауылы, Херсонская көшесі, № 11 үйдің жанында.

      7. Барвинов ауылдық округі, Барвиновка ауылы, Комсомольская көшесі, № 64 үйдің жанында.

      8. Златоуст ауылдық округі, Златоуст ауылы, Целинная көшесі, № 8 үйдің жанында.

      9. Комсомол ауылдық округі, Комсомольское ауылы, Мира көшесі, № 25 үйдің жанында.

      10. Краснознамен ауылдық округі, Новое ауылы, Лесная көшесі, № 16 үйдің жанында.

      11. Ленинград ауылдық округі, Ленинградское ауылы, Комсомольская көшесі, № 3 үйдің жанында.

      12. Веселоподол ауылдық округі, Веселый Подол ауылы, Ленин көшесі, № 2 үйдің жанында.

      13. Лесной ауылдық округі, Большие Дубравы ауылы, Целинная көшесі, № 1 үйдің жанында.

      14. Тимирязев ауылдық округі, Тимирязевка ауылы, Мира көшесі, № 31 үйдің жанында.

      15. Тағыл ауылдық округі, Тағыл ауылы, 50 лет СССР көшесі, № 21 үйдің жанында.

      16. Тағыл ауылдық округі, Ермаковка ауылы, Школьная көшесі, № 3 үйдің жанында.

      17. Сорочин ауылдық округі, Сорочинка ауылы, Центральная көшесі, № 1 үйдің жанында.

      18. Сорочин ауылдық округі, Крыловка ауылы, Центральная көшесі, № 45 үйдің жанында.

      19. Севастополь ауылдық округі, Севастополь ауылы, Ленин көшесі, № 30 үйдің жанында.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады