Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 70 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 18 мамырда № 7769 болып тіркелді

      "Мемлекетік мүлік туралы" Қазақстан Республикасынаң 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұзынкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аким К. Абишев

  Әкімдіктің
2018 жылғы 23 сәуірдегі
№ 70 қаулысына қосымша

Мемлекеттік аудандық кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

      Жергілікті бюджетке мемлекеттік аудандық кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі мынадай түрде айқындалады:

Таза кіріс 500000 теңгеге дейін

таза кіріс сомасынаң 3 пайыз

Таза кіріс 1000000 теңгеге дейін

таза кіріс сомасынан 5 пайыз


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады